Түркістан облысының экс-әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
«Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ҚР Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», — делінген Президенттің жарлығында.
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті.
1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары — ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы — Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөз: tengrinews.kz