«Whatsapp» мессенджерінде тарап жүрген Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында базардың ішінен 1 жасқа толмаған баланы анасы қораптың ішіне қалдырып кеткендігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап xабарлайды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған деректің облыс аумағында тіркелмегендігін ресми мәлімдейді.