«Казгидромет» РМК-ның дауылдық ескертуіне сәйкес, 2019 жылдың 1-4 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауы мен қатты жауын- шашын болжамына байланысты Жамбыл облысында бүйірлік ағынның қалыптасуы күтіледі. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, Қазгидромет өкілдерінің болжамынша, кей жерлерде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде көбінесе қар түрінде, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23, күндіз екпіні 29 м/с жетеді.
Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.