Жамбылда аммофос тыңайтқышын шығаратын зауыт қайта іске қосылды

0 8

Таразда аммофос тыңайтқышын шығаратын зауыт қайта жаңғыртылып, іске қосылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Мұндай қажеттілік отандық өнімге сұраныстың артуынан туындаған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 7 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Бұл өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. Қазір зауыттың жылдық қуаты 300 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін жетті. Нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны пайда болды. Қазір шығып жатқан минералды тыңайтқыштар Оңтүстік Америка, Ауғанстан, Украина, Ресей, Қытай сияқты ондаған елдің нарығына экспортталып жатыр. Әсіресе Өзбекстан мемлекетінің қызығушылығы зор. Көрші ел зауыттан шыққан өнімнің 50 пайызына сұраныс білдіріп отыр.

Төлепбек Исаев, минералды тыңайтқыштар зауытының директоры:

— Тыңайтқыш кезінде маусым кезінде ғана өтетін еді. Көктем мен күз айларында. Қазір 12 ай бойы сұраныс бар. 40 пайыз өнімі Қазақстанда қалып отыр. Өзіміздің ауылшаруашылықта былтырдан бастап өте көп. Өйткені мемлекет 50 процент субсидия беріп отыр. Сондықтан сұраныс өте көп болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.