Жамбыл облыстық полиция департаменті халық алдында есеп берді

0 0

Жамбыл облысында 2018 жылдың қорытындысымен жалпы қылмыстардың саны 22 пайызға төмендеген.  Былтыр, 7 қылмыс жасыру дерегі анықталса, ал биылдың өзінде 14 дерек анықталған. Бұл бағыт бойынша, 2018 жылы 109 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 28-і  басшы құрам. Ал, 3 «Қылмысты жасыру» дерек бойынша іс қозғалып, кінәлі қызметкерлерге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің басшысы халық алдында берген есебінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жұмыс барысында  қай бағытта жылжу қажеттігін, қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жайында нақты көзқарастар қалыптасты, — дейді бас полицей. Ішкі істер органдарының  қызметі бірінші кезекте заңдылықтардың сақталып, тәртіптің бұзылмауына бағытталыпты.  Сондай-ақ, азаматтардың құқығын қорғау да – маңызды міндет. Алқалы жиында қазір қоғамда өзекті болып отырған мал ұрлығы, қалта ұрлығы, қарақшылық  қылмыстарының ашылуы мен алдын алу мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, тұрғындар департамент басшысына түрлі сауалдар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Арман Оразалиев  Елбасының тапсырмасына сай, қазақстандық полицияны жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру мақсатында, облыс бойынша 288 қызмет орындарының  қысқартылғанын айтады.  Алдағы уақытта басшылық  штатты оңтайландыру мақсатында тағы да қысқарту жүргізіледі.

Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы:

— Биыл министрліктің және облыстық әкімдіктің тарапынан полиция Департаментіне бірқатар тапсырмалар қойылды, осыған байланысты біз қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу сапасын жақсартуға шаралар қабылдаймыз, қылмыстырдардыболдырмауға алдын алу шараларын белсендіріп жұмысты жалғастырамыз, — деді Ол.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.