Тараздық Өзбек бірлестігі көмек қолын ұсынды

0 2

Тараз қаласында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға көмек көрсетті.

Игі бастама аясында әр отбасыға арнайы азық-түлік жиынтықтары табысталды. Азық-түлік қорабының құрамына 15 қап ұн, 15 қап күріш, 15 қап қант және 5 литр күнбағыс майы кірді.

Қайырымдылық шарасына бірлестік жетекшілері белсене қатысып, демеушілік етті. Атап айтқанда, облыстық төраға Набижон Салохотдинов, төраға орынбасары Ганы Каримов, кеңесші Мухабат Усманова, Өзбек аналар кеңесінің төрайымы Диларам Каримова және жастар қанатының жетекшісі Ильхом Исаков игі іске ұйытқы болды.

Бұл қайырымдылық шарасы — өңірдегі бірлік пен татулықтың, өзара қолдаудың және жанашырлықтың жарқын үлгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.