Татарстанда қазақ киносының күндері басталды

0 0

Татарстанның Қазан қаласында Наурыз мерекесіне орай 15 наурызда сағат 19.00 шамасында Қазақ кино күндері басталады. Мәдени шара 19 наурызға дейін жалғасады және «Қазақфильм» киностудиясында әр жылдары жарыққа шыққан үздік отандық фильмдер көрсетіледі.

Аталған мәдени іс-шараның негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ ресейлік көрермендерді Қазақстанның заманауи киносымен таныстыру.

Қазақ киносының күндері бүгін, кешке ресейлік режиссер Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмімен ашылады.  Басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Айтжанов аталған фильмді көрермендерге өзі таныстыратын болады.

«Елбасы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Кеңес  Одағының құлауы,  жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды.  Фильм 1984-1991 жылдар аралығын қамтиды. Аталмыш көркем фильм ел тарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында атқарған рөлін, сондай-ақ Мемлекет басшысының дүниежүзілік ауқымда ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.

Айта кетсек, Қазақ киносы күндері шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясының басқа да туындылары көрсетіледі, олар: «Қазақ хандығы. Алтын тақ» режиссері Рүстем Әбдірашев, «Әміре» режиссері Джефри Веспа, «Оралман» режиссері Сәбит Құрманбеков, «Талан»режиссері Болат Қалымбетов. Ал 18-ші наурызда Ақан Сатаев түсірген «Анаға апарар жол»фильмі ұсынылады.

Фильмдер орыс тілінде, «Мир» кинотеатрында (Достовевский көшесі, 30) көрсетілетін болады. Кіру тегін.

Көрсетілімдер кестесі:

Күні

Уақыты

Фильмнің атауы

15.03.19

19.00

«Жұлдыздар тоғысқанда»

16.03.19

18.30

«Алмас қылыш»

16.03.19

21.00

«Әміре»

17.03.19

15.30

«Оралман»

17.03.19

17.30

«Талан»

18.03.19

18.30

«Анаға апарар жол»

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.