Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қ.Қапаров, бөлім бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Е.Әмірбек және ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы А.Жарасбеков Жаңатас қаласының №5 колледжінің студенттерімен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында колледжде, мекетептерде кәмелетке толмағандардың арасында ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау деректерінің алдын алу мақсатында дәрістер оқылып, мағыналы бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, есірткі заттары мен психотроптық заттарды пайдалану, ұрлау немесе қорқытып алу секілді қылмыстар үшін тұлғалардың 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы колледж білімгерлеріне профилактикалық тұрғыда түсіндірілді. Студенттердің ата-аналарына жадынамалар таратылып, олармен жекелей әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ-нің Қарағанды академиясына орта немесе арнайы орта білімдері бар 25 жасқа дейінгі және 16 жасқа толған, ішкі істер органдарының қыметкерлеріне қойылатын талаптарға сай, дені сау, іскерлік, жеке және моральдық қасиеттері жоғары азаматтар қабылданатыны, академияға түсудің ережелері туралы мағлұматтар берілді.
Айта кетейік, жиын кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.