Жамбылдық оқушылар Қызылордадан жеңіспен оралды

0 13

Ағымдағы жылдың 25-28 наурыз аралығында Қызылорда облысында қоғамдық-гуманитарлық жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Үш күнге созылған білімділер бәсекесіне Жамбыл облысынан 9-11 сыныптың 31 оқушысы қатысып, бақ сынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.  

Жалпы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың биылғы ерекшелігі – білім сынағының әділ, ашық әрі айқын өтуі үшін сыныптар арнайы бейнекамералармен жабдықталып, олимпиада онлайн режимде өтті.

Байқау қорытындысы бойынша, жамбылдық 2 оқушы алтын, 5 оқушы күміс және 7 оқушы қола медальді иеленіп, топ жарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.