Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ең әуелі жаңатастық ардагер Михаил Авдеевтің үйіне барып, хал-жағдайын біліп, наурыз мерекесімен құттықтады. Мұнан соң Байқадам ауылдық округінде тұратын соғыс ардагерлері Мысалы Маханбетов пен Қабыл Ібіжановтың отбасында болды.
-Бүгінгі жас ұрпақ өздеріңіздей тұлғаларға еліктеп өсуі керек. Сол арқылы еңбекқорлықты, батырлықты бойына сіңіреді. Қазыналы қарттарымыз ұлағатты болашағымыздың кепілі. Бүгінгі бейбіт өмірдің бар жақсы күндері соғыс майталмандарының қайтпас қайсарлығының жемісі. Елдіктің туын берік ұстауымыз сіздердің туған жерді қастерлеп, жау шебінен азат етудегі ерен ерліктеріңіздің, отан сүйгіштіктеріңіздің, аянбай жеңіс үшін тер төккендіктеріңіздің арқасы, — деді аудан әкімі Қанатбек Мәдібек.
Сондай-ақ, мерекемен құттықтай отырып, ардагерлерге сый-сияпат табыс етті.
Өз кезегінде ардагерлер аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізіп, қазақ халқының мерейлі күндері көбеюін тілеп, баталарын берді.