Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) рингке 8 маусымда оралады, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы Worldboxingnews.net cайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болады.
Сондай-ақ, шоу аясында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы — Мацей Сулецки (28-1, 11 КО). Басылымның мәліметінше, бокс кеші нақты қайда өтетіні әлі белгісіз