1,5 тоннадан астам азық-түлік сатылымнан алынып тасталды

0 23

Биылғы жылдың 2 айында өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде республика бойынша 10 430 өнім сынамасы зерттеуден өтті. Оның ішінде сәйкес келмейтін 1818 сынама анықталды, бұл — жалпы өнімдердің 17,4%-ы, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Негізінен техникалық регламент талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Оның ішінде өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы — 74,4 %, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу — 12,1%, сондай-ақ айтылған қасиеттерге немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеу — 13,5 %, бұл — тұтынушыларды алдау болып табылады» делінген комитеттің хабарламасында.

Сәйкессіздік тамақ өнімдерінің мынадай тауарлық топтарында анықталды: ет өнімдері — 18,1%, құс еті — 12,8%, балық — 10,2%, май өнімі — 2,8%, сүт өнімдері — 11,1%, кондитерлік өнімдер — 13,7%, аспаздық өнімдер -3,4%, нан өнімдері — 1,3%, ұн және ұн тарту өнімдері — 5,8%, көкөністер мен жемістер — 8,5%, консервіленген өнімдер — 6,0%, шырын өнімдері — 2,2%, алкогольді сусындар — 1,2%, ББҚ — 0,5% және т.б.

Анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, 334 нұсқама берілді.

Жоспардан тыс тексеру кезінде сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 130 іс қозғалып, 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 1,5 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім, соның ішінде тамақ өнімі сатылымнан алынып тасталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.