Жамбылдық полицейлер самбодан ҚР чемпионатында облыс намысын қорғайды

0 4

Ағымдағы жылдың 1-сәуірінде «Динамо» қоғамы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Жомарт Ысқақов және самбодан Полиция департаменті құрамасының аға жаттықтырушысы Ержан Баймұратов жауынгерлік самбо шеберлерін Семей қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына шығарып салды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ПД Оқу-жаттығу взводының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Ерлан Махмутов (68 келі), полиция капитаны Ерік Сүлейменов (74 келі) және Әлібек Аманжолов (90 келі) жауынгерлік самбодан сәуірдің 4 мен 8 аралығында өтетін ҚР чемпионатында Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.

Аталған қызметкерлер ағымдағы жылдың ақпан айында өткен облыс чемпионатында үздік өнер көрсетіп, республикаға жолдама алған болатын.

Алдағы додада әріптестерімізге біз де сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.