Ағымдағы жылдың 18 – 23 наурыз аралығында Монғолияның Улан-Батор қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионатын өтіп, жамбылдық балуан жүлделі орынмен оралды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл облысынан ҚР құрама командасының құрамында Мейірбек Қордабай қатысып, 87 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді. Мейірбек Қордабай Тараз Мемлекеттік университетінің ДШ-15-5 тобының білімгері.