«Бала дауысы» балалар ән байқауының іріктеу кезеңі өтеді

0 3

3 сәуір күні Таразда Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының төртінші маусымының екінші іріктеу кезеңі өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқаудың негізгі мақсаты — музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу.

Әділ қазылар құрамына кірген танымал қазақстандық орындаушы Серік Гамза-Заде Жамбыл облысының дарынды баларының вокалды қабілеттерін бағалап, ең керемет дауыс иесіне финалға жолдама табыстайды.

Сондай-ақ, 22 мамырға дейінгі уақытта шығармашылық топ 8 және 12 жас аралығындағы нағыз таланттарды таңдайды. 17 ең үздік балалар дауысы ғана байқаудың финалына жолдама алады. Іріктеуге келген әрбір бала естелік сыйлықтар мен дипломдарға ие болып, байқаудың күнделіктері түсіріліміне қатысады. Балалардың ата-аналары мен тәлімгерлердің қалауларымен балдырғандардың шығармашылығын дамыту бойынша мастер-класстар және бала психологиясы мәселелері бойынша консультациялар өткізілмек.

Сонымен қатар, күзде үздік 17 бала дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек» Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды.

Ал 24-26 қазан аралығында Алматы қаласының «Республика сарайында» өтетін байқаудың супер-финалында байқау аясында жазылған жаңа әндер шырқалып «Балалық шағымыздың мейірімді ғаламшары» атты спектакль-мюзиклдің тұсаукесері өтеді. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Айта кетейік, барлық финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.

Өткізу күні мен қаласы: Тараз қ., 3 сәуір.

Болатын орны: Қалалық мәдениет сарайы.

Қатысушыларды тіркеу уақыты: 09.00 – 10.00

IV маусым іріктеуінің ашылуы: 10.00 – 10.30

Іріктеу: 10.40 – 15.30

Қорытынды шығару: 16.00

Толық мәлімет www.baladauysy.kz сайтында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.