Облыста 2019-2020 жылдарға арналған жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром мәселелері талқыланды

0 4

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандары Жамбыл облысында «2019-2020 жылдарға арналған жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром жол карталары» бойынша өткізілетін көшпелі семинар және дөңгелек үстел отырысын өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған көшпелі семинар Тараз қаласында Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының базасында өтті. Оған жалпы тәжірибе дәрігерлері, кардиологтар, интервенционистер, кардиохирургтар және жедел жәрдем станциясының басшылары қатысты. Дәл осы санаттағы дәрігерлер үшін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың жетекші мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету жоспарланған.

Астана қаласынан келген әріптестердің сапары — Жамбыл облыстық ауруханасына, «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасына, Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына және кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына барудан басталды. Қонақтар медицина мекемелерінің жабдықтарымен, соның ішінде кардиохирургия бөлімшелерімен және ангиографтармен танысты, созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастардың аппараттармен  қалай тексерілетіндігін көрді.

Емдеу мекемелерін аралап болған соң Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Марат Жұманқұлов семинарға қатысушылармен кездесіп, семинар отырысын ашып берді.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ кардиология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Жетібаева және осы орталықтың интервенционды хирургі Алексей Гончаров тыңдаушыларға мазмұнды дәрістер дайындады.

Кездесу соңында 2019-2020 жылдарға арналған жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром кезінде медициналық көмек көрсету жол карталары тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қатысушылар созылмалы жүрек жетіспеушілігін анықтау мен ерте диагностикалауды жақсарту мәселелерін талқылады, өзекті мәселелер мен бірыңғай алгоритмдегі даму жоспарының перспективаларын қарастырды.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық дәрігерлерінің көшпелі семинарлары республиканың барлық облыстарында өтеді. Жамбыл өңірінің облыстық орталығы Қызылорда, Шымкент және Түркістан қалаларынан кейінгі төртінші орынға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.