109 қызметі WhatsАpp арқылы 4 мыңға жуық өтінімді қабылдады

0 7

4 наурызда iKOMEK109 бірыңғай байланыс-орталығы +7 747 109 0 109 WhatsАpp нөмірі арқылы өтінімдерді қабылдаудың жаңа әдісін іске қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.  

WhatsАpp нөмірі жұмыс істеген 1 ай ішінде iKOMEK109 операторлары 3750 өтінімді қабылдады.

«WhatsApp арқылы өтінімдерді қабылдаудың ережелерін сақтау керек. Өтініштерді бір мәтіндік хабарламамен келесі шаблон бойынша жіберу қажет: 

Өтініш берушінің деректері; байланыс мәліметтері (кері байланыс үшін); өтінімнің мазмұны; уақыты мен күні; өтінімге (ескертпе – ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б.) қатысты нақты мекенжай; болған жағдайда, фотоматериалды қоса тіркеу керек; қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағыттың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мазмұнын көрсетуді сұраймыз», — деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шаблон бойынша толтырылмаған өтінімдер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді.

Барлық мәтіндік хабарлама тәулік бойы қабылданады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.