9-11 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

0 9

Синоптиктер 9-11 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттармен жылжитын циклон салдарынан алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ мұнда найзағай күтіледі және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін», — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, қалған аймақ антициклонда болады, сол себепті кішігірм жауын-шашын болжанады және көбінде жауын-шашынсыз. Республикамызда ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2-6 градустан жоғары болады

Leave A Reply

Your email address will not be published.