Мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзу мемлекеттiң дамуына ерекше серпiн береді — Ж.Орынбаева

0 9

9 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы үшін аса маңызды Үндеу жариялады. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім Елбасы Н.Назарбаевпен, Парламент палаталарының спикерлерімен және Премьер-министрмен ақылдаса отырып қабылданып, Конституциялық Кеңестің келісімімен нақтыланды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өткізілетін болды.

Әлемнiң озық елдерiнде кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу – ежелден қалыптасқан үрдiс екендігі баршамызға аян. Мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзу халықтың мақсат-мүдделерiн бiр арнаға тоғыстырып, мемлекеттiң дамуына ерекше серпiн береді. Бiздiң елiмiздегi кезектен тыс Президент сайлауы да осы мiндеттi атқармақшы.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жігері мен батыл шешімдер қабылдау қабілетінің арқасында еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Қысқа мерзім ішінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі бүгінде әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының еңбекқорлығы мен батылдығы ең қиын сынақтарды, әлемдік саяси және қаржылық дағдарыстарды еңсеруге көмектесті. Отыз жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаев әлем картасында жаңа әрі заманауи мемлекет құрды. Міне, кезектен тыс сайлаудың өтуі белгісіздікті жойып, ішкі саясат тұрақтылығын нығайтуға жол бастайды. Қазақстан үшін маңызды тарихи кезеңде халқымыз бірлік пен жалпыхалықтық көшбасшының бағыт-бағдарына қолдау танытуы керек. Алдымызда еліміздің дамуы мен азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған  жоспарлар көп.Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент халықтың таңдауымен сайланатынын, алдымызда зор міндеттер тұрғанын айта келіп, Президент ретінде сайлаудың таза, ашық, әрі әділ өткізілетініне кепілдік берді жәнебарша Қазақстан тұрғындарын сайлауда белсенді болуға шақырды.

Орынбаева Жанар Рымбековна,

Тараз қалалық маслихатының депутаты,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.