Қазақстандықтар интернет сауда арқылы қандай тауарларды көптеп сатып алады

0 7

Ұлттық экономика министрлігі Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова қазақстандықтардың интернет сауда арқылы көптеп сатып алатын тауар түрлерін атады.

«Қазірдің өзінде біз жүргізілген жұмыстардың оң әсерін байқап отырмыз. 2018 жылы электрондық сауда нарығының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайды. Интернет арқылы сатып алушылардың саны 2 есе артып, 2,3 млн адамға жетті. Нарықта 1700-ден аса интернет-дүкен жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта электронды саудаға қатысты тауар айналымында 270 млрд теңге жүр» — дейді Айжан Бижанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  баспасөз мәслихатында.

Департамент басшысының айтуына қарағанда, қазақстандықтар интернет сауданы айтарлықтай деңгейде меңгеріп алған.

«Біз тұрақты түрде интернет сауда арқылы бизнес-субъектілері мен қарапайым сатып алушылар көп сатып алатын тауарларға және қызметтерге талдау жүргізіп отырамыз. Шынында да, белгілі бір динамика бар. Ең бірінші кезекте, бізде интернет ресурсы арқылы көп жағдайда құрылыс материалдары сатып алынады. Одан бөлек, тұрмыстық техникаларды, мобильді телефондарды интернет арқылы сатып алушылар мол. Соңғы уақытта косметикалық заттарды, киімді интернет сауда арқылы алушылар көбейіп келеді», — дейді Айжан Бижанова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.