2019 жылдың 4-8 сәуірі аралығында Семей қаласында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жауынгерлік самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбылдық полицейлер жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, 68 келі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысы Полиция департаменті оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция аға лейтенанты Ерлан Махмутов 2-орынға ие болып, қыркүйек айында Үндістан Республикасында өтетін Азия чемпионатына жолдама ұтып алды.
Сондай-ақ, «динамошы» Ақтолқын Смағанбетова әйелдер арасында 3-орын иегері атанды.