Асқар Исабекұлы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына ат басын бұрып, жай-күйін барлады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құлан ауылында орналасқан аурухананың жұмысы, дәрігерлік құрамы туралы бас дәрігер Шындос Мырзалиев баяндады. Аурухана ғимаратының іргесі 2003 жылы қаланып, 2004-2006 жылдары толығымен пайдалануға берілген.
Медициналық нысандағы тәуліктік төсек саны – 107. Оның ішінде: емдеу бөлімі – 15, жүйке аурулар бөлімі – 15, балалар бөлімі – 16, геникология бөлімі – 14, жұқпалы аурулар-25, реанимация бөлімі-6 төсектен тұрады.
Бүгінде ауруханада штат бойынша 133 дәрігер, 431 орта буынды қызметкер қызмет етеді. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен 14 жас маман келіп, еңбек етуде.
Қазіргі таңда ауданға типтік емхана ғимараты қажеттілігі көтеріліп отыр.