Жамбылда 2 мыңнан астам мектеп мұғалімдеріне қосымша төлемдер берілмегендігі анықталды

0 11

Жамбыл облысы прокурорларының қадағалау актілерінің негізінде мектеп мұғалімдеріне мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытқаны үшін қосымша төлемдер берілді.  Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Прокурорлармен жалпы білім беру мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 2016-2018 оқу жылдары аралығында физикалық және ақыл-ой дамуындағы ауытқулары бар балалармен жұмыс істегені үшін  облыс аумағындағы 2 мыңнан астам мектеп мұғалімдеріне 68,9 млн. теңгеге  қосымша төлемдер берілмегендігі анықталды.

Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұғалімдерге көрсетілген еңбек жағдайы үшін жалақы көлемінен алғанда 40 пайыз қосымша төлемдер берілу тиіс (31.12.2015 жылғы №1193 Үкімет қаулысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы», «Білім туралы» Заңының 52 бабы 4 тармағы).

Жүргізілген тексеріс аясында заң бұзушылықтар жойылып, білім беру жүйесінің 8 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.