Байзақ ауданында табысы төмен 222 отбасыға 2,3 млн теңгеге қайырымдылық көмектері көрсетілген

0 4

Байзақ ауданында табысы төмен, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға демеушілердің қолдауымен 222 отбасыға 2,3 млн. теңгеге қайырымдылық көмектері көрсетілген. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Ал 3 шаруа қожалықтарының басшыларының қолдауымен 30 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына 64 ұсақ мал, 5 ірі қара мал берілген. Жағдайы төмен, көпбалалы бір отбасына демеушілердің қолдауымен 2,7 млн. теңгеге тұрғын үй берілді. Алдағы уақытта бір жалғызбасты және бір көпбалалы ана демеушілер тарапынан тұрғын үймен қамтылмақ.

Ауданда кедейшілік шегінен төмен 7416 адамы бар 1403 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 7,0 пайызын құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінген 104 млн. теңгесі толығымен игеріліп, 1397 отбасының 6969 адамына тағайындалып төленген.

Сондай-ақ, тұрғын үй көмегіне бюджеттен бөлінген 650,0 мың теңге де игеріліп, 32 отбасының 188 адамына коммуналдық шығындары төленген. «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінгені 6854,0 мың теңге толығымен игерілген.

Бұған қоса, жұмыспен қамту мәселелері жөнінде өтініш берген азаматтардың саны 1056 адам, оның ішінен бірінші тоқсанда аудан мекемелерінде ашылған жаңа және бос жұмыс орындарына 886 адам жұмыспен қамтылды

Сонымен қатар, ауданда 45 емдеу мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 100% электрондық нұсқаға көшірілген. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 6 ауылда медициналық тірек іске қосылатын болады. Бүгінде Ақшолақ ауылында медициналық тіректің құрылысы жүргізілуде.

«Ал есепті мерзімде туу көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда өткен жылғы 5,3-тен 5,2-ге кеміген. Сәбилер өлімі көрсеткіші 20,1-ден 3,7 промильге кеміген. Ана өлімі тіркелген жоқ. Қан-тамыры қысымы мен қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1727 адам скринингтен өтіп, соның нәтижесінде аталған аурудың алғашқы сатысындағы 35 адам анықталды», — деді аудан басшысы Рахматілдә Рахманбердиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.