Рүстем Дәулет жаңа қызметке тағайындалды

0 38

Бүгін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Рүстем Рысбайұлы Дәулет тағайындалды. Жаңа аппарат басшысын облыс әкімі Асқар Мырзаxметов облыс активімен өткен жиында таныстырды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап xабарлайды.

Өз сөзінде облыс әкімі Рүстем Рысбайұлының мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі мен біліктілігін айта келе, жаңа қызметте де жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.

Рүстем Рысбайұлы Дәулет 1974 жылы туған. Білімі жоғары, 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог», 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару», 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімі, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының консультанты, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2018 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.