Facebook жаңа дизайнын таныстырды

0 9

Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг F8 конференциясында «фейсбуктың» жаңа дизайнын таныстырды. Ол FB5 деген атауға ие болды.

Дизайнерлер қазіргі қошқыл көк түсті мүлде алып тастаған, оның орнына ақ түс көп қолданылмақ. Ал логотипте ашық көк түске ұласқан градиент қолданылған. Жоғарыдағы көк тегіс жолақ та жоқ, оның орнын «Лента», «Хабарландырулар», «Топтар», «Мессенджер» сияқты батырмалар басқан.

Марк Цукерберг сөзінше, Facebook-тың тек дизайны емес, функционалы да өзгермек: «Сіз жиі қолданатын баптаулар мен функциялар енді оңай табылып, іздеу жүйесі біршама ыңғайлы бола түседі».

Редизайн бірнеше ай бойы енгізілмек.

«Kazakh in Cardiff (I was)» телеграм-каналы әлеуметтік желідегі бұл өзгерістерге «Марк Цукербергтің өз қателерін түсініп, пробелдерді жабуға тырысқаны» деген баға берді. «Фейсбуктің дизайны өзгеретін болыпты, қандай болады дейсіздер ғой. 2012-14 жылдардағы ВКонтакте сияқты.

Яғни, қазіргіден әлдеқайда тазарақ. Бұл енді Марктың өз қателерін түсініп, пробелдерді жабуға тырысқаны. Бәсекелес қалдырмау жағына келсек, енді фейсбуктың өз Тиндері болады. Танысу нарығын да тартып алмақшы «Мәкең». Келесі жылы тиктокты «өлтіруге» тырысатын шығар».

Leave A Reply

Your email address will not be published.