Сарысулық тағы бір кәсіпкер аудан орталығынан жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

0 9

Сарысулық кәсіпкер аудан орталығынан көпбалалы анаға пәтер сыйлады. Баспананы ауданның құрметті азаматы, жеке кәсіпкер, «Алтын-Орда 2006» ЖШС-і директоры Жанбаев Дәулеталды Дәуітбайұлы алып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігінің тілшісі.

3 бөлмелі пәтердің кілтін алған 7 баланың анасы, жалғызбасты ана Гүлсана Қалиева көп жылдар бойы пәтер жалдап қиналғанын жеткізді

«Үнемі үйіміз болса деп армандаушы едік. Бізге көмектескен барлық жанға алғыс. 7 бірдей балам бар. Оның бірі мүгедек. Жалғыз өзім қалай өсіп, жетілдіріп, пәтер кезегіммен қашан аламын деп уайымдаушы едім. Қасиетті айда тосыннан жақсылық орын алып, жүрегіміз жарылардай қуанып отырмыз. Оның үстіне жаңа пәтер жарық, заманауи жөндеуден өткен, әдемі екен», — деді көпбалалы ана алғысын жаудырып. 

— Жақсылық жасау парызым деп білемін. Бүгінгі қуанышты балалардың жүздеріне қарап өзім де қуанып, жақсы сезімде тұрмын. Айналайын Гүлсана қарындасым бала-шағаңның игіліне жарасын. Бұл Елбасымыздың, облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың бізге көрсеткен жолы іспеттес. Сондықтан балаларыңыз азамат деген атқа лайық болып өссін. Ел тірегіне айналсын, — деп жеке кәсіпкер Д.Жанбаев ағынан жарылды.

 Айта кетейік, бұл сарысулық көпбалалы аналарға берілген екінші үй.
Leave A Reply

Your email address will not be published.