Таразда сайлау алды кездесу өтті

0 11

Тараздағы Достық үйінде «Нұр Отан» облыстық Штабының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерінің сайлауалды кездесуі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен еліміздің бас партиясы «Нұр Отанның» облыстық филиалы ұйымдастырды. Кездесуге Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестігінің жетекшілері мен мүшелері, Аналар мен ақсақалдар кеңесінің жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сай кездесу барысында қаралған бірінші мәселе «Нұр Отан» партиясының атынан президенттікке ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау болатын.

Кездесуде облыстық «Нұр Отан» партиясы Штабының мүшелері, сенімді тұлғалары Савченко Александр Гоергиевич пен Тілеуов Қырғызғали Тілеуұлы өз баяндамаларын жасап ел президенттігіне арналған кезектен тыс сайлауда дұрыс және әділ шешім қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдай отыра оның саясат сахнасындағы шеберлігін, ел басқару ісіндегі ептілігін және тұлғаның іскерлік бейнесін жиылғандарға терең түсіндірді. Баяндамашылар бұдан өзге сайлауалды бағдарламаның әр тармағына тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының сабақтастық, әділдік, өрлеу атты үш бөлімімен таныстырды.

Бұған қоса, ел президенттігінің кезектен тыс сайлауға қатысты «Жамбыл облысы Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тұрдыева Мухабат Абдрахманқызы мен «Вайнах» Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Магомадов Рамзан Сапиевич жиында өз баяндамаларын жасап, пікірлерін ортаға салды.

«Ел билігі, Отанымыздың саясатының дұрыс жүруі біздің әрқайсымыз үшін де аса маңызды. Мемлекет басқару, басшыны саяси тұрғыдан тану және оны тағайындау, бұл өте маңызды әрі аса жоғары жауапкершілікпен қарайтын шаруа. Бүгін облысымызға ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаткерлігі мен іскерлігін дәріптеп, сайлауалды бағдарламасымен таныстыруға «Nur Otan» штабынан арнайы өкілдер келіпті. Бұл, халықты Қазақстанымыздың ертеңі үшін дұрыс шешім қабылдауға және дұрыс таңдау жасауға зор ықпалын тигізеді деген сенімдемін. Елдің басшысы болу, ол халықтың мүддесін қорғай алатын, оның проблемаларын жіті түсіне алатын, халықтың әл-ауқаты мен ішкі-сыртқы саясатын бес саусағындай білетін саясаткер болуы тиіс деп ойлаймын», — дейді Ұйғыр этносы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі М.Тұрдыева.

Сонымен қатар, президент сайлауына қатысты шешен-инғұш этносы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Р.Магомадов Президент сайлауына немқұрайлы қарауға болмайтынын, өсіп келе жатқан жастарымыздың болашағы бүгіннен басталатынын жеткізді.

«Президенттікке үміткер саясаткерлердің біз білмейтін іскерлік қабілетін тани түсеміз. Бұл оларға дауыс беруге деген сенімімізді арттырады. Мен өз таңдауымды жасарда саясаткерлігі өте жоғары тұлғаны таңдаймын. Себебі, Қазақстан дамудың даңғыл жолында. Оған еш тоқтамай алға бастайтын және халықтың қамын бәрінен биік қоятын саясаткер қажет», — деді өз баяндамасында.

Жиын соңы Штаб мүшелері мен этнос өкілдері арасында өзара пікір, сұрақ-жауаппен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.