Сүйікті джинс шалбарыңыз жаңа түрін ұзаққа сақтау үшін оған қалай күтім жасау керек? Джинс шалбар ұқыпты көрінуі үшін қарапайым ұсыныстарды қолданыңыз. Қалай жуу керек? Бір қарағанда деним қатты мата секілді көрінгенімен оны өте мұқият жуу керек. «Базалық» джинс өндірушілер оны кір жуғыш машинаның «мақтаны жұмсақ жуу» режимінде (немесе соған ұқсас) жуу керектігін және температура 40 градустан жоғары болмауын ескертеді.
Денимді жууға арналған қолайлы температура – 30 градус. Джинс-стрейчті суық суда жуған жөн. Ыстық суда жуу (60 градус немесе одан көп) денимнің түсі кетуіне ықпал етеді және матаның өзгеруіне әкеледі. Кез келген джинсті теріс айналдырып жуу керек. Джинс шалбарын жиі жуа бермес үшін оған кейде матаға арналған арнайы балғындық беретін спрей шашуыңызға болады немесе таза ауаға іліп алыңыз. Қалай кептіру керек? Джинс жаңа түрін ұзақ сақтау үшін оны көлденеңінен тегіс жазықтықтың үстіне жайып кептіру керек. Егер жайып кептіретін мүмкіндік болмаса, тек белдігінен қыстырғышпен қыстырып іліңіз. Қалай үтіктеу керек? Джинс шалбар міндетті үтіктеуді қажет етпейді, бірақ егер мата дөрекі болса және теріңізге жағымсыз болып тұрса, оны теріс айналдырып үтіктеп алуға болады.
Қалай қысқарту керек? Егер шалбарды қысқарту керек болса, алдымен джинсті жуып алған жөн. Кейде тіпті, бірнеше рет жуғаннан кейін ғана қысқарту ұсынылады. Себебі мата жиегі көбінесе жуғаннан кейін сәл қысқарады. Қалай жинау керек? Джинсті шкафқа сақтаудың ең жақсы әдісі – оны белдігінен іліп қою. Шалбарға арналған ілгішке S пішінді екі ілмек іліңіз. Джинс шалбарды сол ілмектерге іліңіз.
Шалбарды қысқышпен ілмеген жөн. Себебі ол шалбарда тесік немесе із қалдыруы мүмкін. Сол кезде шалбарға қыртыс түспейді.
Қатыру Қатыру – жууды жақсы көрмейтіндерге арналған джинс шалбарына күтім жасаудың экзотикалық (жабайы) әдісі. Біреулер сол арқылы суды үнемдеп, табиғатқа көмектесіп жатқандарын білдірсе, басқалары жуудан бас тарту арқылы джинстің түсін және пішінін сақтайтындығын айтады. Қалай болғанда да джинсті мұздатқышқа қатыру арқылы матадағы бактерияларды өлтіруге болғанымен, ол ондағы дақ пен ластықты кетірмейді.
Дереккөз: massaget.kz