Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде білім басқармасының жанынан аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, «Ақжүніс» Тараз аналар тобының және үкіметтік емес ұйымдар мүшелерін тарта отырып, қоғамдық бақылау комиссиясы құрылды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтылды,– деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл облысы аумағында көпбалалы аналар және әлеуметтік осал топтар мәселелері бойынша арнайы қоғамдық комиссияның төрайымы, «Ақжүніс» аналар тобының төрайымы Жанат Естаева, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сенбек Сейдазимов және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы Гаухар Байтелиева қатысты. Спикерлер әлеуметтік атаулы көмектің қоғамдық бақылауда жүзеге асуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
2019 жылғы 25 наурыздағы Жамбыл облысы әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісінің №32 хаттамасын орындау мақсатында2019 жылдың 29 наурызда «Ақжүніс» Тараз аналар тобының төрайымы және мүшелерінің, салалық басқарма басшыларының, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысумен кеңес өткізілді.
Кеңесте Жамбыл облысы аумағында көпбалалы аналар және әлеуметтік осал топтар мәселелері бойынша арнайы қоғамдық комиссия ережесінің жобасы мен комиссия құрамы талқыланып, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Сейдазимовпен бекітілген.
Комиссияның бақылау жүргізу Ережесі әзірленіп, бекітілді. Комиссия мүшелері үкіметік емес ұйымдар мүшелерінен тұрады.