Қазақстанның дәріханаларында дәрілік заттарды дәрігердің рецепті бойынша сату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы болып табылмайды. Бұл туралы ДСМ Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мадина Шыналиеваның қатысуымен өткен брифингте айтылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Рецептуралық препараттарды рецептінсіз сатуға 15 жылдан астам қолданып келе жатқан тыйым салу азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға жол бермеуге бағытталған,— деді Мадина Шыналиева.
Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен регламенттеледі. 2019 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда дәрілік заттардың 7792 атауы тіркелген, оның ішінде дәрігердің рецепті бойынша 6033-і (Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектердің жалпы санының 77%-ы), рецептінсіз – 1759-ы сатылады.
Дәрігердің рецепті бойынша мыналар сатылады: дәрумендер, мұрынға арналған тамшылар, сироптар, шөптен жасалған шәй және жиындар, суық тиюге арналған және ауруды басатын кейбір препараттар.
Сонымен қатар, департамент басшысы Мадина Шыналиева 2019 жылдың басында Қазақстанның астанасында «Астана денсаулықты таңдайды!» жобасы іске қосылдығын атап өтті.