ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.
Олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.
2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды. ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Дереккөз: 24.kz