Жуалыда лауазымды шенеунік кәсіпкерден 150 мың теңге пара алған

0 0

Жамбыл облысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасы 150 мың теңге пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасының пара алу фактісін анықтады.

Ол жеке балабақша ашуға оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру үшін жеке кәсіпкерден делдал арқылы 150 000 теңге пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ» делінген хабарламада. Бүгінде тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы сот шығарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.