Қолыңды қой, мінезіңді таниын!

0 0

Бір сәтте бір адам туралы бәрін білгің келеді. Психологтардың ойынша, адамның бір әрекеті оның бүкіл болмыс-бітімінен хабар береді.

Мысалы: қолтаңбасы.

1. Қолтаңба көлемі:

а) үлкен — кең ойлайды.

б) тығыз — нақты ойлайды.

2. Қолтаңба ұзындығы:

а) ұзын— мәселені тереңнен ойлай алады, шыдамды, түртпектегіш.

б) қысқа — аңғарымпаз, бір сарынды жұмысқа қабілетсіз.

3. Қолтаңба түрі:

а) дөңгелек — жұмсақ, мейірімді, байсалды.

б) дөрекілеу — шыдамсыз, шапшаң, таза, бірбеткей.

4. Әріп аралығы:

а) алшақ — жомарт, ысырапшыл.

б) тығыз — үнемді, сараң.

5. Қолтаңбадағы элементтер:

а) дөңгелек — терең ойда жүретін адам.

б) тор — байқампаз, бірбеткей.

в) сурет — шығармашылық қабілет.

6. Қолтаңбаның қисықтығы:

а) солға — бірбеткей, өзін-өзі қорғай алатын адам.

б) оңға — түсінігі мол адам.

в) тіке— өзін-өзі ұстай алатын, ақылды адам.

г) әртүрлі бағыт- жұмбақтық, жалғандық.

7. Қолтаңбаның соңының бағыты:

а) жоғары – оптимизм;

б) төмен — пессимизм;

в) тіке— жайлы мінез.

8. Қолтаңбаның астын сызу:

а) төменнен сызса— өзін-өзі жақсы көретін, өкпешіл, елдің пікіріне еретін адам.

б) жоғарыдан сызса — тәкаппар, атаққұмар.

в) үстінен сызса — күмәншіл, өз-өзіне сенбейтін адам.

9. Қарапайым не күрделі:

а) қарапайым — барға қанағаттанатын адам.

б) аса күрделі — түймедейді түйедей қылатын адам.

в) ерекше қол — шығармашылық қабілет.

Қолтаңба неғұрлым қарапайым болса, адамның мінезі соғұрлым ашық деген сөз.

Ал сен қолды қалай қоясың?

 Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.