Елордада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 24 kz-ке сілтеме жасап.
Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды. Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96 процент дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Nur Otan партиясының үміткеріне 6 миллион 539 мың 715 сайлаушы дауыс берген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Парламент Сенатының төрағасы, Біріккен ұлттар ұйымы төрағасының орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарған. Осы категория бойынша: « ҚР ІІМ Алматыдағы қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты пікір білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді »