Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Салтанатты кеште білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова, білім саласын бақылау департаментінің басшысы Д,Ускембаева, ардагер ұстаз А.Садыққызы,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының ардагері Г.Орынбаева жас түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, аттестаттарын тапсырды.
Биылғы жылы «Дарын» мектеп-интернатын 65 түлек бітіріп, 8-і алтын белгі және 15-і үздік аттестат иегері атанды.