Мадияр Самбетов Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды

0 23

Жамбыл ауданы әкімінің 2019 жылдың 11 маусымдағы №161 өкімімен Самбетов Мадияр Әбілханұлы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Самбетов Мадияр Әбілханұлы 1986 жылы 25 шілдеде Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «тарих», 2018 жылы Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандықтары бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл ауданы әкімияты ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығының» маманы болып бастаған.

2010-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Жамбыл аудандық филиалының консультанты, 2012 жылдың маусым-қараша айлары аралығында Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2014 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Жамбыл ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспектор — төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия хатшысы, 2014 жылдың мамыр –маусым айлары аралығында Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының құқықтық және іс жүргізу бөлімшесінің бас маманы, 2014 жылдың 11 маусымынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.