Мемлекетті қызметшілер күнін мерекелеуге арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиада өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл ауданы құрама командасы спорттың 8 түрінен толық қатысып нәтижесінде құрама командасын белсенді қатысқаны үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Спорт басқамасының арнайы дипломымен марапатталды.
Гір тасын көтеру спорт түрінен кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Талғат Шынтасов 3 орын иеленді.