ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек — Алматы қаласының әкімі;
Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов — Шымкент қаласының әкімі;
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев — Ақмола облысының әкімі;
Оңдасын Сейілұлы Оразалин — Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов — Алматы облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев — Атырау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов — Жамбыл облысының әкімі;
Ерлан Жақанұлы Қошанов — Қарағанды облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов — Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев — Қызылорда облысының әкімі;
Болат Жұмабекұлы Бақауов — Павлодар облысының әкімі;
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев — Түркістан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым