Жамбыл ауданының орталық алаңында Мемлекеттік Рәміздер күнін мерекелеуге арналған «Менің Қазақстаным!» атты іс-шара өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
4- маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын.
Бүгінгі күн- қазақ даласының тарих беттерінде өзіндік орны бар, ерекше күн.
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіміздің темірқазығы саналатын Мемлекеттік Рәміздер күні бүкіл қазақ даласында аталып өтілді.
Мемлекеттік Әнұранымызбен бастау алған шарада патриоттық әндер орындалды.