Жамбыл облысының оқытушылары мен студенттері адалдық пен парасаттылық қағидаларын меңгереді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
15-19 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының бастамасымен облыстың жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушыларына, заңгерлер және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің басшыларына «Парасаттылық мектебі» өткізіледі.
Оқыту барысында сарапшылар мен арнайы жаттықтырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдануға болатын жаңа әзірлемелер туралы әңгімелеп, оларды жүзеге асыру тәжірибелерімен бөліседі.
Тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жобалық жұмыстарын қорғайды және Парасаттылық мектебінің қатысушыларына жоба ұйымдастырушыларынан сертификаттар беріледі.
Сонымен қатар, Парасаттылық мектептері өз жұмыстарын өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінде бастап, оқытушылар оқу барысында алған білімдерімен бөлісіп, студенттерді парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаларына үйретеді. Оқу орындары студенттерге Парасаттылық мектебінің апталық курсын өткендігін растайтын сертификаттар табыстайды.