Облыс орталығында қайғылы оқиға орын алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 шілде күні күндізгі сағат 14:30-да «Қаратау» мөлтек ауданында оқыс оқиға болды. Үйде үлкендердің бақылауынсыз қалып қойған он жасар қыз бала көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен», — деп хабарлады ведомстводан.
Жеткіншек ауыр жарақаттармен Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың сүйектері бірнеше жерінен сынған.
Жамбыл облыстық ТЖД ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды көзден таса қылмау керектігін ескертеді. Әсіресе қазіргі жазғы демалыс кезінде балалар көп жағдайда үйде ересектердің қарауынсыз, өздері ғана қалады.
Дереккөз: ҚазАқпарат