Тараз қаласындағы №2 полиция бөлімінің бастығы Досымбек Мұсаев «Барысхан» иінінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
100-ден астам тұрғын Досымбек Мұсаевқа үйлерінің аулаларында тұрып мәселелі сұрақтарына жауап алу мүмкіндігін пайдаланды. Ауданның өзекті мәселелерінің ішінде тұрғындар түнгі уақытта көше жарығының болмауына байланысты құрылыс материалдары мен пәтер ұрлықтарының жиілеп кеткенін, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жоқтығын атап өтті.
Бұған қоса, тұрғындар Д. Мұсаевтан тиісті мемлекеттік органдарға жолдың жоқтығы және қоғамдық көлік мәселелері туралы хабарлауды сұрап, аумақтық тірек пунктін ашу қажеттілігі туралы да айтып өтті. Қазіргі таңда «Барысхан» алқабында 600-ге жуық жеке меншік үй орналасқан.
Сонымен қатар, жиналған қауым учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Жапарқұловтың адал жұмысын атап өтті. Тәуліктің кез-келген уақытында «102»-ге шақыру түсірмей-ақ өздерінің учаскелік инспекторының көмекке келетініне, оның жасаған игі істеріне ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, алдағы уақытта осындай жиындарды полиция полковнигі Досымбек Мұсаев Құмшағал және Шөлдала алқаптарында өткізуді жоспарлап отыр.