Таразға жыр жампозы Жамбылдың шөбересі Мұратхан Жамбылов арнайы келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл келіс бекер емес. Әлеуметтік желіде дүркін-дүркін әңгіме арқауына айналған Жамбылдың ескерткіші төңірігіндегі жайсыз пікірдің жай-жапсарын жақыннан білу үшін. Әуелі Таразды аралап көріп, ескерткіштің ескісімен жаңасын саралап біліп, бүгін облыс әкімінің қабылдауында болды. Әкімнің ескіні жаңалағаны үшін Жамбылдың тікелей ұрпағы ретінде өз пікірін айта келді.