10 шілде күні облыс мектептерінің 27 оқушысы Көкшетаудағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 15 күнге демалуға аттанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бұл балалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім басқармасының ұйымдастырған «Ogy, tap», «BILIM анимация», «BILIM FM мектеп радиосы», «#BestвидеоТуғанӨлке» онлайн байқауларының жеңіпмаздары.
Ағымдағы оқу жылында аудандар мен Тараз қаласында аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында 940 іс-шара өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген туристік экскурсиялар, интерактивті жарыстар және онлайн-сабақтар оқушылардың бойында ұлттық сананы оятып, жас ұрпақтың туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялататыны анық.