Будапешт төріндегі турнирде Тараздық тарланға тең келер ешкім болмады. Дзюдодан Гран-при турнирінде жерлесіміз Елдос Сметов 60 келіде атой салды, — деп хабарайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтық сында әлем чемпионы моңғолиялық Ганбат Болдбатарды алып ұрған Елдос ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ел мерейін асырған жерлесіміздің жеңісімен құттықтап жеделхат жолдады. Айта кетейік облыс әкімі осы сапардың алдында арнайы қабылдап, ақжол тілеген еді. Құттықтау хатында ел үмітін ақтаған палуанға алғыс білдіріп, бұл жеңістің жалғасы олимпиада алтынына айналуына тілек білдірген.