Арыстағы жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды жүріп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде, бүгінге дейін 3-сектордағы 39 жеке тұрғын үй толығымен жөнделіп, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Жамбыл облысына тиесілі бөліністегі 312 жеке тұрғын үйдің бәрінде қалпына келтіру шаралары басталып, үздіксіз атқарылуда. Онда 4 мердігер мекеменің 450-ден аса жұмысшысы жұмыла еңбек етуде.