Таразда ұжымдық шартқа қатысты семинар өтті

0 2

Жамбыл облысының статистика департаментінде Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі өкілдерінің, Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасы, Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығы және Тараз қалалық статистика департаменті өкілдерінің қатысуымен Тараз қаласының шағын және орта бизнес субъектілері басшылары мен есепшілеріне арналған бірлескен семинар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл семинардың мақсаты – кәсіпкерлердің бүгінгі таңдағы шаруашылық қызметтеріндегі өзекті сұрақтарға қатысты қордаланған мәселелерін бірлесе отырып талқылау және оларды шешуде нақты көмек көрсету болды.
Семинарда ұйымдастырушылардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Б.Қараулов қазіргі кездегі шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұжымдық шарт жасау мәселесін талқыға салды. Себебі, ұжымдық шарттар бүгінде облыстың ірі кәсіпорындары мен бюджеттік мекемелерінің бәрінде дерлік жасалған. Ал кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі жағдай көңіл толтырмайтыны белгілі.

Осы орайда, кәсіподақ өкілі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымдық шарттың бүгінгі таңдағы рөлі, оның мақсаты мен жасау шарттарына терең тоқталып, ашып берді.
Сөз соңында семинар қатысушыларына кәсіподақ өкілдері тарапынан кәсіпкерлерге барлық заңдық кеңестер мен практикалық көмек көрсетілетіні жеткізілді.
Жамбыл облысы статистика департаменті басшылары облыстық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп, жер-жерде осындай семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.