Жамбыл облысы әкімдігінің «Туризм» басқармасының Тараз ақпараттық орталықтың ұйымдастырумен бірлесе «Тараздың өткені мен болашағы түйіскен қаласы» атты 2 бағыттағы экскурсия өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Атап айтқанда, «Айша бибі», «Бабаджа хатун», «Тектұрмас», «Қарахан» кесенелері «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, «Қали Жүніс» моншасы, «Ерте Ислам дәуірі мешіті және оған қосалқы салынған Керуен сарайы», «Ақыртас» сарай кешеніне бару жоспарланды.
Экскурсия құрамында отбасылық жағдайы төмен, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер қатысты. Экскурсияны мекеме қызметкері, гид-экскурсаводшы Ақжан Орозбақова жүргізді.