Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебековтың қолдауымен Арыстық балалар аудандағы «Тау Самалы» жазғы лагерінде демалуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бұл Арыс қаласынан жазғы лагерге демалуға келген балалардың
екінші легі.
Бүгінгі күнде балалардың алғашқы легі аталған лагерьде демалып, ата-аналарының жанына оралды.
Аудан басшысы «Тау Самалы» жазғы лагерінде демалып жатқан Арыс қаласының балаларымен кездесуге арнайы барды. Мұнда Нарбай Әбілқасымұлы балалармен етене жақын әңгімелесіп, Арыс қаласында болған зардапты ұмытып, лагерьдегі күндерін жақсы әрі пайдалы өткізулеріне тілектес екенін жеткізді.
Мұнда балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін танымдық байқаулар, ағылшын тілі курсы, спорттық ойындар, 5 мезгілдік дұрыс тамақтану өз деңгейінде ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, Нарбай Ергебеков демалыс орнының басшылығына Арыстық балалардың лагерьдегі күндерін жоғарғы деңгейде өткізулеріне атсалысып жатқандары үшін алғысын жеткізді.